$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Биыл елдің әлеуметтік саласын дамытуға 2,6 триллион теңге бөлінген

AstanaTV
29.11.2018ж. 20:00
2133
Биыл елдің әлеуметтік саласын дамытуға 2,6 триллион теңге бөлінген

Биыл елдің әлеуметтік саласын дамытуға 2,6 триллион теңге бөлінген. «Бұл былтырға қарағанда 21,3 пайызға артық» Ақордада халықты әлеуметтік қорғауды модернизациялау мәселелері талқыланған жиында Президент осылай деді. Жаңа жылдан бастап зейнетақы мөлшері 7 пайызға, ал түрлі әлеуметтік жәрдемақылар 5 пайызға өседі. Ал, ең төменгі жалақы мөлшері де 1,5 есеге артпақ. Бұл бір жарым миллионға жуық адамның жалақысы шамамен 30 пайызға өседі деген сөз. Президент жыл соңына дейін осы мәселені реттейтін заң қабылдауды тапсырды. Ал, 2020 жылдан бастап еңбекке жарамсыздығы, жұмыссыз қалғаны және асыраушысынан айрылғаны үшін берілетін сақтандыру төлемдері 30 пайызға ұлғаятын болады. Ал, айналасы жеті жылдан соң еңбек нарығына 2 миллион жас маман қосылады. «Оларды тұрақты жұмыспен қамтуды алдын ала ойластыру керек»-,деді Президент. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Если будет заниматься сельскии аким, районный аким, службы социальной защиты мы можем этого человека выявить, давай учись, государство дает тебе бесплатную возможность пойти и получить первую профессию, особенно выпускники школ. Получишь первую рабочую профессию, мы постараемся, тебя устроить на работу, а дальше уже твое дело.

Г. Тасболатқызы