Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Астанадағы «А» классты көліктік логистикалық қоймасының серіктестері көбейді

AstanaTV
30.11.2018ж. 20:00
3834
Астанадағы «А» классты көліктік логистикалық қоймасының серіктестері көбейді

Астанадағы көліктік логистикалық орталықтың серіктестері 500-ден асты. Ашылғанына үш-ақ жыл болса да бүгін орталық отандық кәсіпкерлермен ғана емес, шетелдік бизнесмендер үшін де даңғыл жол. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ мамандары Астана қаласындағы «А» класты көліктік-логистикалық орталығының жұмысымен журналистерді таныстырды.  

Мына жеміс-жидектер, азық -түлік тауарлары күнделікті сіз бен біздің тұтынып жүрген өнімдеріміз. Әмбебап дүкендерден сатып алатын тауарлардың барлығы дерлік осы логистикалық орталықта сақталады. Қойма толықтай жаңа технологиялармен жабдықталған. Қазір орталыққа 500-ден аса кәсіпкер тауарларын сеніп тапсырады. Нысан логистикалық қызмет көрсету сапасын арттыру және тауарағынды бөлуді оңтайландыру үшін «Қазақстан Темір Жолы» мультимодульдық көліктік-логистикалық холдингімен бірге салынған. 

Ерлан ШАЙМАРДАНОВ, «А» КЛАСТЫ КӨЛІКТІК ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:  

Кәсіпкерлер үшін біздің орталық өте ыңғайлы, өздері де айтып отыр. Бұрындары клиенттер қоймаға барып, сосын кеден орталығына барып табандарын тоздыратын. Арнайы операциялардың барлығын «Бір терезе» жүйесіне келтірдік. Осында құжаттарыңызды реттей аласыз. Контейнерлер, сақтау қоймалары барлығы бар 1 млн тоннаға дейінгі тауарларды емін-еркін қабылдай аламыз.

Тауарыңыз сырттан келетін болса, жүк көліктің қалаға кіруінің қажеті жоқ. Қарағанды тас жолы бойында орналасқан көліктік логистикалық орталықтың бірінші ыңғайлы тұсы осында. Жүк көліктерімен қатар, мұнда арнайы вагондар да келе алады. Қоймаға келген тауарларлардың саны осындай арнайы аппаратпен тексеріледі. Кейін жеке қоймаларға кіргізіледі. Мұнда әртүрлі тауар өнімдерін сақтайтын 22 қойма бар. Қазіргі таңда қоймалар 80-90%-ға толып тұр. Оның ауданы 13 мың гектарды құрайды. Бәрінің сақталуы тиіс температурасы үнемі бақылауда. 10 айда 500 мың тоннадан астам жүк өңдеуден өткен. 3 000 вагон жүк түсіріліп, 2000 контейнер өңделген. 

Нұрлан АБИБУЛЛИН, «А» КЛАСТЫ КӨЛІКТІК ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Қазір сіздер контейнерлік терминалда тұрсыздар. Әзірге осындай екі жұмыс көліктері жұмыс істеп тұр. Мынау контейнерлерге тоқталсам, «КТЖ Экспресс» деп аталады. Бұл контейнерлер арнайы тасымалдауға арнайы температураны қажет ететін тауарларға арналған. Бұл толық компьютерлік жүйемен қамтылған. Ол арқылы температураның қай мөлшерде екені, контейнер жағдайы барлығы жайлы ақпарат біле аласыз.

Айта кетсек, Астанадағы көлік логистикалық орталығы осыдан үш жыл бұрын Президенттің қатысуымен өткен телекөпір кезінде ашылды. Биыл Шымкент қаласында да тура осындай орталықтың құрылысы аяқталмақ.  

У. Қабылтайұлы