Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астанадан шыққан марафоншылар Алматыға жетті

AstanaTV
05.12.2018ж. 20:00
2682
Астанадан шыққан марафоншылар Алматыға жетті

«Астана-Алматы» марафонына қатысушылар мәре сызығын кесті. Шараға мұрындық болған «Нұр Отан» партиясы. 30-қараша күні Астанадағы «Отан-Ана» алаңынан 10 қатысушы оңтүстікті бетке алған еді. Спорт шеберлері және марафоншылар Қарағанды, Балқаш, Сарышаған, Қаскелең қалалары арқылы жүгіріп өтуге бекінген. Солардың бірі 12 жылдан бері марафондарға үзбей қатысып жүрген Дулат Иманқажы. Оның пайымынша, қыста жүгірген денсаулыққа өте пайдалы.  

Талғат ЕРҒАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз жол бойы 1300 шақырым жүгіріп шықтық. 6 күн, 6 түн жолда болдық. Жеңіл атлетиканы, спортты насихаттау. Жеңіл атлетика мен спортпен бүкіл халық айналысып, спортпен айналыссын.

1 мың 300 шақырымдық жолды жаяу бағындырған марафоншыларды алматылықтар салтанатты түрде қарсы алды.  

Қайым-Мұнар ТӘБЕЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Біз Астана қаласынан келген марафоншылардың сәлемін қабыл алып, бүгін міне осы эстафетаны ары қарай жалғастырамыз. Амандық болса келесі жылы біздің үлкен марафонымыз Алматыдан басталады деп ойлаймыз.

О. Нұржақып