Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жазушылар қауымы «Нұр Отан» ұйымдастырып отырған «Ұлы дала» шығармашылық байқауына ат салысуға дайын

AstanaTV
05.12.2018ж. 20:00
3193
Жазушылар қауымы «Нұр Отан» ұйымдастырып отырған «Ұлы дала» шығармашылық байқауына ат салысуға дайын

Қаламгерлер қауымы рухани құндылықтарды дәріптейтін «Ұлы дала» шығармашылық додасына қатысуға дайын. Жақында «Нұр Отан» партиясы мен Жазушылар одағы бірігіп арнайы байқау жариялаған еді. Онда ұлттық идеялар мен осы күнгі өмірдің шындығын суреттеген туындылар сараланбақ.  

Ұйымдастырушылар талантты жас әдебиетшілер мен кино сценарий авторларының еңбектерін күтеді. Жеңімпаздар үшін тағайындалған сыйақы да қомақты. Тілшіміз Ришат Асқарбекұлы бірқатар шығармашылық адамдармен кездесіп, жобаның маңызы туралы сұраған болатын.  

Қанат Әбілқайыр елге танымал «Абай.кз» порталының аға-редакторы, Жазушылар одағының мүшесі. Жас қаламгер соңғы жылдары журналистикамен қатар жазушылықтың да тізгінін қатар ұстап жүр. Оның «Көршінің қызы», «Жанұзақ», «Атасының баласы» сияқты шығармаларын оқырман жоғары бағалаған. Шығармалары онға жуық әдеби сыйлыққа лайық деп танылған.  

Қанат ӘБІЛҚАЙЫР, ЖАС ЖАЗУШЫ: 

Соңғы екі-үш жылда әдіби байқаулар жариялаудың жақсы бір үрдісі қалыптасты. Бұл жазушыға шабытқа шабыт қосады, оның шығармашылығына үлкен леп әкеледі деп айтудан аулақпын. Бірақ, белгілі бір дәрежеде ынталандыру мәселесі жолға қойылады деп ойлаймын. Елдің рухы, мәдениеті, әдебиеті алдыңғы лекте жүру керек деп есептеймін.

Жазушылар Одағаның төрағасы Ұлықбек Есдәулет: «Құндылықтарымызды дәріптейтін қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті қалыптастыру қажет»-дейді. Аталған байқау соған үлес қосатынына сенеді. 800 жазушының басын біріктірген одаққа жетекшілік қызметке келген соң, «Нұр Отан» партиясымен бірнеше жобаны жүзеге асыруға кірісіпті.    

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Рухани Жаңғыру бағдарламасының жарияланғанына бір жарым жыл өтті. Сол жылдар ішінде насихаттау жағынан, істеліп жатқан игілікті істер қалай істеліп жатыр, ненедей жұмыс атқарылды. Қандай жобалар жүзеге асты дегенді кеңінен наисхатталған, халыққа түсінікті тілде жазылған шығармаларды неге марапатамасқа. Біздің осы ұсынысымызды қабыл алып, оны қаржыландырып отырған «Нұр Отан» партиясына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. 

Әлібек АСҚАР, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Мына биыл «Нұр Отан» мен Жазушылар одағы 4 үлкен бағдарламаға қол қойып отыр. Оның өзі жастарды әдебиетке тарту. Бұл болашаққа үлкен сеніммен қаратады. Әдебиетіміз үзіліп қала ма деп ойлағанбыз, әсіресе проза жанры. Бірақ, жастар шықты, біразын білеміз де.

«Ұлы дала» шығармашылық байқауына қазір жұмыстар қабылданып жатыр. Бәйгеге 18 бен 40 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады. Туындылар 2019 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады. «Проза», «Поэзия», «Драматургия, көркем фильмдер мен телехикаялар сценариі», «Публицистика» және «Балаларға арналған шығарма» сияқты бес аталым бойынша жеңімпаздар анықталады. Бас жүлде-1.5 млн. теңге. Еліміздің рухани жаңғыруы мен дамуын суреттейтін туындыларды беделді жазушылар мен шығармашылық адамдары бағаламақ.  

Р. Асқарбекұлы