Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы министрлері мұнай өндірісін төмендету туралы келісімге келді

AstanaTV
06.12.2018ж. 20:00
7377
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы министрлері мұнай өндірісін төмендету туралы келісімге келді

ОПЕК+ министрлері мұнай өндірісін азайтуға уағдаласты. Тараптар Мониторингтік комитет отырысында осындай келісімге келді. «Бұл туралы Оманның мұнай және газ министрі Мұхаммед бен Хамад ар-Румхи мәлімдеді»- деп хабарлайды «Рейтерс». Оның айтуынша, енді өндіріс көлемін қаншаға азайту керегін шешу қалды. «2019 жылы ол шамамен тәулігіне бір миллон баррель болуы мүмкін»-деді Хамад.  

Мұхаммед бен ХАМАД АР-РУМХИ, ОМАННЫҢ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ МИНИСТРІ: 

Бүгінгі кездесуде барлығы бірауыздан өндірісті азайту қажеттігін келісті. Соңғы шешім де осылай қалды. Ертең біз қаншалықты төмендететінімізді талқылауымыз керек. Менің ойымша, төмендеу тәулігіне миллион баррельге қатысты болады. Дегенмен, соңғы нүктесін ертең қоятын боламыз.

Айта кетейік, бұл күндері Венада ОПЕК+ елдерінің жиыны өтуде. Онда келесі жылы бірінші жарты жылдықта қара алтын өндірісін төмендету туралы ұсыныс айтылған. Бұған дейін «Fitch» агенттігі 2021 жылға қарай Brent бағасы барреліне 60 долларға дейін төмендейді деп болжаған еді. Бұл Құрама штаттар үшін, құба-құп. Өйткені, Вашингтонға қара алтынның қымбаттауы тиімсіз. Ал, мұнай бағасы күннен күнге түсіп жатыр. Бүгін Brent маркасының бір баррелі 61 доллардан саудалануда.  

Б. Нәдірқызы