Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елде алғаш рет киберспорттан жарыс өтті

AstanaTV
07.12.2018ж. 20:00
2597
Елде алғаш рет киберспорттан жарыс өтті

Астанада бүгін «Dota2» білгіштері сайысып жатыр. Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан келген кибер командалар өз араларында мықтыларды анықтамақ. Жүлде қоры 1 млн теңге. «Open Esports Cup» кибер спорттан алғашқы ашық кубок. Турнирді «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты мен Қазақстан киберспорт федерациясы ұйымдастырды. Алдымен өңірлерде іріктеу сайыстары өтіп, 215 команда ақтық сынға жолдама алған. Байқауда ойын кезінде жоғары нәтиже көрсеткен команда үздік атанады. Бұл шайқаста виртуалды кейіпкерді жеңу керек. Айта кетсек, елде киберспорт биылдан бастап ресми түрде танылған болатын.   

Қаныбек ЖҰМАШЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:  

Бүгінгі өтіп жатқан шара елімізде танылған әлемде үлкен үрдіс болып жүзеге асып жатқан киберспортты дамыту мақсаты.Жастарымыздың көбі біз айтсақ та айпасақ та киберспортпен шұғылданып жүр. Әртүрлі өңірде әртүрлі жастарды киберспортпен айналысып жүрген жастардың басын біріктіру осы шараның негізгі мақсаты болып табылады.

Ал, Оралда бүгін роботтар сайысқа түсті. Темірге жан бітіріп, жарысқа қосқандар-8 бен 16 жас аралығындағы мектеп оқушылары. Олар «Нұр Отан» партиясының бастамасымен ашылған ІТ сыныптарда робот техникасының әліппесін меңгерген. Бүгінгі жарыста «Робосумо» мен «Кегельринг» сайыстары аса тартысты өтті. Яғни, роботтар қарсыласын шеңбердің сыртына шығарып жіберуі және қысқа уақыт ішінде қаңылтыр құтыларды құлатуы керек. Қатысушылардың жоғары дайындығына көңілі толған ұйымдастырушылар енді бұл шараның жыл сайын өткізілетінін жеткізді.  

Архат ИСЛАМҒАЛИ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ БҚОФ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ: 

Қазіргі таңда балалардың қызығушылығы өте жоғары деп айта аламын. Соның ішінде мына роботтехниканың робоспорт бағытында. Бүгінгі облыстық роботтехникасы сайысында жетістікке жетіп, жоғары деңгейден көрінген балаларды әрмен қарай дайындап, республикалық жарыстарға қатыстырамыз.

Д. Сапарқызы