Президенттің ең төменгі жалақыны өсіру бастамасы бойынша елдегі жұмысшылар айлығына 29 млрд теңге қосылады. Бұл туралы Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру мониторингі бойынша Қоғамдық кеңестің екінші және төртінші бағыттары бойынша «Нұр Отан» партиясының жұмыс тобының отырысында айтылды. Ал, 60 мың теңгеден төмен жалақы алатын жұмысшылардың табыс салығы 10 есеге төмендеп, 150 теңге болады. Одан жоғары еңбекақы алатындар бұрынғыдан мың жарым теңгедей аз салық төлейді. Елде 2 млннан астам адам мардымсыз жалақы алады. Айта кетейік, ең төменгі жалақы бірінші қаңтардан бастап көтеріледі.
Тамара ДҮЙСЕНОВА, «НҰР ОТАН»ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіштен төмен жұмысшылардың салық мөлшерлемесі 10 есеге төмендейді. Егер олардың жалақысы 63 мыңнан жоғары болса, сол алгоритм қалмақ. Яғни, 10 пайыз зейнетақы қорына төленеді. Бірақ, сонда да олар 1460 теңге бұрынғы төлемдерінен аз төлейді. Біз осылай түсіндірсек болады ғой, бірінші кезекте түсіндіруді дұрыс жүргізуіміз керек.
У. Қабылтайұлы