Негізгі / Жаңалықтар / ЕАЭО роумингтен бас тартуы мүмкін

ЕАЭО роумингтен бас тартуы мүмкін

Еуразиялық одаққа кіретін Ресей, Армения, Қырғызстан, Беларусь елдеріне қоңырау шалу құны арзандауы мүмкін. Қазір бес ел арасында ұялы операторлардың роумингін алып тастау туралы келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы «РИА Новости» агенттігіне берген сұхбатында Ресейдің Монополияға қарсы қызмет басшысының орынбасары мәлімдеді. Роумингтен бас тарту туралы әңгіменің қозғалып жүргеніне бес жылдай болыпты. Қазір Ресей мен Беларусь арасында нақты шешім бар. Алайда, Анатолий Голомолзин мәселенің тек осы екі ел арасында емес, одақ ішінде қаралып жатқанын да атап өтті.  

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦЯИЛАР МИНИСТРІ:  

Жан-жақтан көтеріліп жатыр ғой бәрі бірге. Ресей тарапынан көтірілуі мүмкін. Адамдар көтеруі мүмкін. Роуминг болмаса екен деген ұсыныс жасап жатқан шығар. Бірақ, біз бір шешімге келдік деп айтуға әлі болмайды.

А. Бектас