Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Украина Ресеймен арадағы Достық келісімшартын ұзартпайтын болды

AstanaTV
11.12.2018ж. 20:00
2057
Украина Ресеймен арадағы Достық келісімшартын ұзартпайтын болды

Украина Ресеймен арадағы Достық, ынтымақтастық және серіктестік туралы келісім-шартты ұзартпайды. Бұл туралы Украина Президенті Пётр Порошенко мәлімдеді, деп хабарлайды «Рейтерс». Негізі екі ел арасындағы келісімшарттың мерзімі келер жылдың 1 сәуіріне дейін. Бірақ, тиісті Заңға қол қойған Порошенко бұл шешімін «Еуропаға қайта басымдық беруге» негізделген жаңа ұлттық стратегиямен байланыстырып отыр. Яғни, Украина Еуроодақпен визасыз режимге көшіп, келісімге келді. ТМД құрамынан шығып, НАТО мен Еуроодаққа қосылады. Осылайша, мығым украин әскерін құрып, тілді қолдау, мемлекеттің дербес тарихы мен ұлттық құндылықтарына басымдық беріледі, дейді Порошенко.  

Петр ПОРОШЕНКО, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ: 

Ресеймен келісімшарттың ұзартылмауын біздің стратегиямыздың бір бөлігі ретінде қарастырған дұрыс. Мұны отарлау саясатымен қоштасып, Еуропаға бет бұрғанымыздың көрінісі деп қабылдаған жөн.

Кремльдегілер Киевтің бұл шешімі украиндықтардың мүддесіне қайшы келіп отырғанына сенімді. Әсіресе, Ресейде жұмыс істеп жүрген азаматтарға қиын болмақ. Ресей мен Украина арасындағы Достық, ынтымақтастық және серіктестік туралы Келісімшартқа 1997 жылы қол қойылған еді. 1999 жылдың 1 сәуірінде өз күшіне енген келісімшарт әрбір он жыл сайын автоматты түрде ұзартылып отырады.  

Е. Карин