Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Іле Алатауында үш барыс видеоға түсіп қалды

AstanaTV
13.12.2018ж. 20:00
3547
Іле Алатауында үш барыс видеоға түсіп қалды

Іле Алатауы Ұлттық паркі аумағында үш бірдей барыс видеоға түсіп қалды. Таудың шыршалы белдеуінде биыл қазаннан-желтоқсанға дейін биолог-аңшылар қар барысының қоныс аумағын білу үшін арнайы фото құрылғылар орнатқан. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі Комитетінің баспасөз қызметі қуанышты хабармен «Фейсбук»-те бөлісті. Мамандар видеода соңына екі күшігін ерткен барыстың ұрғашысы болу мүмкін деп топшылайды. Аландар 1,5 жаста деп тұспалдайды. Бүгінде Іле Алатау ұлттық паркін 40 қар барысы мекендейді. Жалпы ел аумағында ерекше жануардың небәрі 110-130 басы бар.  

М. Дюсекина