Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

«Нұр Отан» партиясының үздіктері марапатталды

AstanaTV
14.12.2018ж. 20:00
4323
«Нұр Отан» партиясының үздіктері марапатталды

Тәуелсіз елдің дамуына үлес қосқан «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне Елбасының атынан арнайы төс белгілер тағылды. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда елеулі еңбек еткен үздік партия қызметкерлері де марапатталды. Оларды партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев құттықтады.  

«Нұр Отан» партиясы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үздік мамандарды марапаттауды дәстүрге айналдырған. Осы жылы Елбасы тапсырмасын орындауда партия жобалары мен жұмыстарын ілгерілетуде ерекше еңбектерімен көзге түскен қызметкерлер «Парасат», «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 20 жыл» сияқты мерейтойлық медальдарымен марапатталды. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Тәуелсіздігіміздің 27 жылы ішінде барлық салада ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Бүгінде Қазақстан дамыған мемлекеттермен терезесі тең, халықаралық қауымдастыққа сыйлы, абыройлы, егемен, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты. Елбасының осы стратегиялық саясатын жүзеге асыруда және тәуелсіздікті нығайтуда Президентіміздің сенімді тірегі ретінде «Нұр Отан» партиясы да өзінің үлесін қосып келе жатқанын мақтанышпен айта аламыз.

«Тәуелсіздік-ел үшін теңдесі жоқ ұғым». Осылай деген Партия төрағасының бірінші орынбасары Президент бастамаларын орындауда жұмыла еңбек еткен әріптестеріне алғысын айтты. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН»ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Алдымызда әлі де көп мақсат-міндеттер тұр. Әлемдегі әртүрлі үрдістерді бәріміз көріп отырмыз. Осыны ескеріп, Тәуелсіздігімізді сақтауға, одан әрі күшейтуге бәріміз жұмылып жұмыс істеуіміз қажет. Тәуелсіздікке қызмет ету-бәріміздің борышымыз. Осы жолда алдағы уақытта да партиямыз ауқымды жұмыстарды атқарып, біраз жеңістерге жетеді деп сенеміз.

Жалпы бүгін «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен 61, «Құрмет» грамотасымен жүзден астам нұротандық марапатталды. Бұл олардың Президент тапсырмаларын орындауға жаңа жігер бермек.  

Серік СҮЛЕЙМЕН, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Миллионнан астам мүшесі бар нұротандықтардың Елбасының саясатын іске асырудағы берілген жоғарғы баға деп есептеймін. Сонымен қатар, мен үшін БҚО әріптестерім үшін бұл үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Партия мүшелері қолға алған 20 жобаны келер жылы да жалғастырады. Осы орайда аймақтардағы бастауыш партия ұйымдарына тапсырмалар жүктелді.  

У. Қабылтайұлы