$462.36 €493.48 ₽5.99
×

АҚШ Сенаты Сауд ханзадасын Хашоггидің өліміне жауапты деп таныды

AstanaTV
14.12.2018ж. 20:00
1956
АҚШ Сенаты Сауд ханзадасын Хашоггидің өліміне жауапты деп таныды

АҚШ Сенаты Сауд ханзадасын Хашоггидің өліміне жауапты деп таныды. Бұл туралы құжатты АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің басшысы Боб Коркер ұсынды. Онда Мохаммед бин Салман осы қылмысқа жауапты деп танылып, қылмысқа мүше басқаларды да жауапқа тарту қажет делінген. Сонымен қатар, сенаторлар Йемендегі қарулы қақтығыс аясында Сауд Арабиясы бастаған коалицияға америкалықтар тарапынан әскери көмекті тоқтату бойынша заң жобасына дауыс берді. 56 сенатор пікір білдіріп, 46-сы қарсы шықты.  

Берни САНДЕРС, СЕНАТОР: 

АҚШ Сауд Арабиясының Йемендегі қақтығысқа араласуында серіктесі болмайды. Қазіргі уақытта Йемендегі көрініс әлемдегі ең қорқынышты гуманитарлық дағдарыстың бірі болып отыр. Бүгін біз Сауд Арабиясына оның жасап жатқан әскери әрекеттеріне араласпайтындығымызды айтамыз.

Ә. Өмірзақ



orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах