Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Есік қорымынан табылған «Алтын адамды» әлемнің 6 елінде 200 мыңнан астам адам тамашалады

AstanaTV
20.12.2018ж. 20:00
7935
Есік қорымынан табылған «Алтын адамды» әлемнің 6 елінде 200 мыңнан астам адам тамашалады

Есік қорымынан табылған «Алтын адам» әлемнің 6 елін аралап қайтты. Жәдігерді 200 мыңнан астам адам тамашалаған. Халықаралық көрме былтыр желтоқсанда Беларусиядан бастау алған-ды. Кейін Есік бегзадасы Әзірбайжан, Ресей, Қытай, Польша және Кореяның Ұлттық музейлеріне қойылды. Қазір АҚШ, Ұлыбритания және Алмания музейлерімен келіссөздер жүріп жатыр.  

Ақан ОҢҒАРҰЛЫ, «ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Көрмедегі негізгі экспонат алтын киімді Есік бекзадасы болды. Сонымен қосымша әр елге баруына байланысты сол елмен біздің ежелгі байланысымызды дәлелдейтін басқаша алтын киімді адамдар барып отырды. Мысалы, Польшаның Гданск қаласында Сарматтан, яғни Батыс Қазақстаннан табылған Тақсай абызы және Аралтөбеден табылған жауынгер қосымша бар-ды.

Көрме жаңа ғылыми ізденістерге де түрткі болды. Мысалы, Оңтүстік Кореядан 7-ші ғасырда қазақ жерінде жасалған алтын қанжар табылыпты. Оны Корея тарапы арнайы каталогқа да енгізіп қойған. Бұл-екі елдің бағзыдан байланысы барын айғақтайды. Ал, сала министрі «Алтын адамның» жанынан табылып, елеусіз қалған жазбаша деректер алдағы уақытта зерттелетінін айтты.  

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: 

«Алтын адамның» қасынан ыдыс табылған. Ыдыста екі шумақтан жазу бар. Бірақ, оны, өкінішке қарай, әлі ешкім расшифровка жасаған жоқ. Ал, мен білем, оның мағынасына көптеген ғалымдар қызығып жүр.

Д. Қайыртай