$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Түркістан» компрессорлық стансасы іске қосылды

AstanaTV
20.12.2018ж. 20:00
3812
«Түркістан» компрессорлық стансасы іске қосылды

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырында бүгін «Түркістан» компрессорлық стансасы іске қосылды. Жаңа станса газ құбырының өткізу қуаттылығын жылына 15 млрд текше метрге дейін арттырмақ. Айта кетейік, ел экономикасы үшін маңызы зор инвестициялық жобаны жүзеге асырған «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы.  

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының қуаттылығы бұған дейін 10 млрд текше метр болатын. Жаңа газ айдау қондырғысы оның мүмкіндігін 15 млрдқа жеткізіп отыр. «Бұл қазан айында отандық газды Қытайға экспорттауды екі есеге арттыру туралы жасалған келісім-шартты жүзеге асыруға мүмкіндік береді»- деді газ саласындағылар.   

Мұқатай ШАҢБАТЫРОВ, «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бұл бізге не береді, біріншіден, еліміздің энергетикалық газ саласындағы қауіпсіздігін арттырады. То есть, оңтүстік өңірлер Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан облысы, Тараз облысы, Алматы облыстары толығымен газбен қамтылып, артық газ батыстан келе жатқан артық газды Қытай елді-мекеніне сатуға мүмкіндік береді.

Былтыр Қытайға 5 млрд текше метр газ сатылыпты. «Ендігі меже 10 млрд болмақ»-деді Мұқатай Шаңбатыров өз сөзінде. «Әлбетте, бірінші кезекте ішкі нарық қамтылады»-деді. Газ айдау қондырғысы заманауи соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған. Айта кетейік, аталған стансаның өзгелерден ерекшелігі қоршаған ортаны ластамайтындығы. Үнемділігі тағы бар. Сондай-ақ, толығымен автоматтандырылған. Америкадан арнайы алдыртылған турбиналарды мұхит асып тасымалдауға 14 рет әуе рейсі жасалыпты.  

Дулат БОРАШЕВ, «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ «ШЫМКЕНТ» МАГИСТРАЛЬДЫҚ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:  

Бұл жер операторский деп аталады. Осы іске қосылған бүгінгі «Түркістан» КС-ның ең маңызды орыны. Осы жерден барлық станса іске қосылады. Қадағаланып, қаралып, тексеріліп отырады. Бұл жерде қазір екі вахта жұмыс істеп жатыр. 43 адам. 21 адам бір вахтада.

Газ саласындағылар жаңа стансаның құрылысы рекордтық мерзімде біткенін айтады. Бір жылға жоспарланған жұмыс небәрі жеті айда іске қосылып отыр. Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» өкілдері бұдан бөлек жуырда «Арал» компессорлық стансасын іске болатын.  

А. Төребекқызы