Астанадан Минскіге жол тартқан 20 тонна сыр Ресей жерінде жойылды. Өнім көрші елде тыйым салынған тауарлар тізіміне кіреді. Тәркіленген ірімшік арнайы зауытқа жеткізілді. Ол жерде еуропалық пармезанның бес мың данасы жоғары температурада жойылды.
«74.ru» порталы таратқан видеоны көрген желі қолданушылары ашуға булықты. Онда «Адал асты ысырап еткенше ауруханалар мен балалар үйіне беру керек еді»-деген пікірлер жазылуда.
Ә. Мұхитқызы