Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ақтауда мүгедектер бейімдеу орталығына арбамен кіре алмайды

AstanaTV
21.12.2018ж. 20:00
2966
Ақтауда мүгедектер бейімдеу орталығына арбамен кіре алмайды

Ал, ақтаулық мүгедектер қала ішінде жағдай жасалмағанын айтып, шағымданып отыр. Бүгінде шаһардағы 250-ден астам мүгедек бар. Оларға мемлекеттік мекемелер мен дәріханалар түгілі, өздеріне арналған реабилитациялық орталыққа кірудің өзі қиындық туғызады. Өйткені, пандустардан мүгедек арбасымен өту оңай емес. Арбаны жоғарыға демеп өткізу үшін күш-қайраты мығым адамның көмегі керек.  

Алтыншаш ҚАУБАЕВА, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Мен негізі көп шығам қалаға, өзім жалғыз жүрем постоянно көмекшісіз. Қарапайым пандустан міну маған ауыр түсті.

Мүгедектерге арналған қайта бейімдеу орталығының да жағдайы мәз емес. Тар есікке арбасымен әрең сыйғандардың биік табалдырықтан әрі қарай өтуі қиын. Сондықтан, ғимараттың басқа жағынан кіруге тура келеді. Мұнда бұрын балалар орталығы орналасқан. Кезінде салалық министрлік мүгедектердің жағдайын жақсарту үшін 2014-2018 жылға арналған ұлттық жоспар жасақтаған еді. Бірақ, Ақтаудағы қамкөңіл жандардың арманы әлі орындалар емес. Ал, салынуы тиіс жаңа ғимарат облыс орталығынан 25 шақырым жерде. Қарға адым жер жүрудің өзі қиын бұл адамдар үшін онда қатынау оңай болмасы анық.  

Қарашаш НҰРМАМЕДОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазір бізге облыс әкімініуң тапсырмасымен 3-ші шағын ауданнан көлемәі 380 шаршы метр ғимарат берілді. Келесі жылға соның құжаттарына қаражат бөлінді.

Е. Карин