Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтауда жауынгер өліміне кінәлі шекарашылар сотталды

AstanaTV
26.12.2018ж. 20:00
4021
Ақтауда жауынгер өліміне кінәлі шекарашылар сотталды

Ақтауда қатардағы жауынгер Бақытбек Мырзабековтың өліміне кінәлі деп танылған бес шекарашы сотталды. Судья олардың біріне шартты мерзімге жаза кесіп, кінәсін жеңілдетті. Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне қарасты 20/18 әскери бөліміндегі қатардағы жауынгер қайтыс болған еді. «Үстірт» шекара заставасында бөлім басшысының орынбасары Нұрбол Садабаев пен офицер-психолог Нұрлан Идришев 30 градус ыстықта сарбаздарға жаттығу жасауға бұйрық берген. Олар өзін жайсыз сезінген жауынгердің өтінішіне де құлақ аспағаны белгілі болды. Осылайша, дене қызуы көтеріліп кеткен сарбаз сол заставада көз жұмған. Сот айыптыларды 5 жылға соттау туралы үкім кесті. Бұған қоса тағы екі әскери қызметкер жауынгерлерді соққыға жыққаны үшін сотталды. Олардың бірі-Жасұлан Әбікенов 4 жылын темір тордың ар жағында өткізсе, екінші әскери-Нұрлан Елмұхан шартты түрде сотталды. Шекара заставасының бастығы да қызметіне енжарлық танытқаны үшін жазасыз қалмады.  

Бақытбек ОМАРОВ, АҚТАУ ГАРНИЗОНЫ ӘСКЕРИ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: 

Мұсаев Бағлан Асхатович ҚР ҚК 453 бабының 2-ші бөлімімен кінәлі деп танылып оған осы бап бойынша 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жасасы тағайындалсын!

Е. Карин