Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстанда лифт қызметін реттеудің бірыңғай стандарттары қабылданды

AstanaTV
26.12.2018ж. 20:00
2824
Қазақстанда лифт қызметін реттеудің бірыңғай стандарттары қабылданды

Талай адамды ажал құштырып, зардап шектірген лифтілердің тең жартысы тозған. Елде 19 мың лифт болса, оның 9 мыңға жуығы ескі. Бұл туралы Қазақстан лифтшілері ұлттық қауымдастығының президенті Ержан Игібаев мәлімдеді. Мамандар жеделсатыларға қатысты дау көбейген соң саралау жүргізген. Осылайша, көбінің тозып, көтеру құрылғыларының апатты жағдайда екені анықталыпты. Ал, қызмет көрсету немесе жөндеумен айналысатын компаниялардың дені тендерді жеңіп алса болды, өз міндетін дұрыс атқармайтын көрінеді. Осы кемшіліктерді жою үшін лифт қызметінің ұлттық стандарттары қабылданған. Енді жеделсатыны жеткізу, орнату, қызмет көрсету талаптары біріздендірілді.  

Ержан ИГІБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ЛИФТІШІЛЕРІ ҰЛТТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ 

Тиісті ережеде қондырғыны жеткізуші компанияның Қазақстанда ресми өкілдігі болуы міндетті деп көрсетілді. Сондай-ақ, оның кем дегенде 5 жыл сервистік қызмет көрсететін базасы болуы шарт. Құжатта қызмет көрсететін мерзімдерін нақты жазып көрсеттік. Жеделсатылардың профилактикалық жұмыстарына мән берілетін болады.

Ал, жауаптыларға жазаны қатаңдату ұсынылды. Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының төрайымы Светлана Романовская салғырттықа жол бергендерді әкімшілік жаза, керек болса, қылмыстық жауапқа тарту қажет деп отыр.  

Р. Асқарбекұлы