$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Ақтөбеде өртенген автобустың иесі Өзбекстаннан экстрадицияланды

AstanaTV
26.12.2018ж. 20:00
1945
Ақтөбеде өртенген автобустың иесі Өзбекстаннан экстрадицияланды

Ақтөбе облысында 52 адам тірідей жанып кеткен автобустың иесі Ордухан Мехтиев Өзбекстаннан экстрадицияланды. Күдікті Шымкент қаласының тергеу изоляторында. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлама таратты. Ордухан Мехтиев осы қайғылы оқиғадан кейін көрші мемлекетте жасырынып жүрген. Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Оған Ақтөбе облысында жолаушылар көлігінің өртенуіне және онда 52 адамның қаза болуына әкеп соқтырған техникалық ақауы бар автобусты заңсыз пайдаланған деген айып тағылып отыр. Айта кетейік, қайғылы оқиғадан кейін сол автобустың аман қалған үш жүргізушісі дереу қамауға алынып, жақында бес жылға бас бостандықтарынан айырылды. Ал, механигі мен құрылтайшысы 3 жыл 6 айға қамалған еді.  

Б. Рахметова



orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах