Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылордада «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 560 пәтерлік 12 үйдің құрылысы аяқталды

AstanaTV
27.12.2018ж. 20:00
3870
Қызылордада «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 560 пәтерлік 12 үйдің құрылысы аяқталды

Бір шаршы метр-120 мың теңге. Бұл-мемлекеттік бағдарлама аясындағы Қызылордадағы баспана құны. Сыр еліндегі «Нұрлы жер» аясында салынып жатқан құрылыс компанияларына «Даму» қоры арнайы субсидиялар бөліп отыр. Шарипа Сақтапованың репортажы.  

«Сәт сервис» компаниясы құрылыс нарығында жиырма жылдай берекелі жұмыс атқарып келе жатқанымен, көпқабатты түрғын үйді алғаш рет көтеріп отыр. Айтуларынша, мұндай шешім қабылдауға кәсіпкерлікті дамыту қоры демеу болған.     

Нұрбек СӘДІБЕКОВ, «СӘТ СЕРВИС» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

«Даму» қоры арқылы мемлекеттік бағдарламамыз бар «Нұрлы жер» деген, құжаттарымызды тапсырып, қаражаттай көмек алып 7 пайызбен, үйді бітіріп міне, халықтын игілігіне тапсырып жатырмыз. Жергілікті әкімшіліктің ұсынысымен, құрылысшылардың қолдауымен шаршы метірін 120 мың деп халыққа тиімді қылып бекіткен болатынбыз.

«Даму» қорының жергілікті өкілдері құрылыстың сапалы болатынына сенеді. Қаланың беделді аудандарында бой көтерген баспаналар жайлы болуы тиіс дейді. «Нұрлы Жермен» салынған 12 көпқабатты үйдің 7-і сол жағалауда орналасыпты.  

Алмас ДАСТАНОВ, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ АҚ АЙМАҚТЫҚ ДИРЕКТОРЫ:  

Бағдарлама негізі 2017-2019 жылдарға арналған. Бұл бағдарлама аясында мемлекет тарапынан 7 пайыздық субсидия беріледі құрылыс компанияларына 3 жылға мерзімі. 2017-2018 жылдар аралығында жалпы тоғыз үй құрылыс компаниясымен келісім-шартқа отырдық. Жалпы соммасы 1,4 миллиард теңге. Жалпы 34 мың шаршы метр.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда Қызылорда облысы республика бойынша алғашқы үштікке енген. Қалада бүгінгі күнге дейін 560 пәтер, яғни, 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталған.    

Ш. Сақтапова