Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Халықаралық экономиканың әлсіреуі төл теңгеге әсер етіп отыр-экономист М. Махмұтова

AstanaTV
27.12.2018ж. 20:00
2380
Халықаралық экономиканың әлсіреуі төл теңгеге әсер етіп отыр-экономист М. Махмұтова

Доллар қымбаттады. Қазақстан қор биржасының күндізгі сессиясында көкқағаздың төл теңгеге шаққандағы бағамы 375 теңгеге тең болды. Сауда-саттық көлемі 155 млн долларды құраған. Қазір Астанадағы ақша айырбастау бекеттерінде 1 АҚШ валютасын 378-380 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал, бір долларды сатып алу үшін ең кемі 375 теңгеңізді санап бересіз. Бүгін Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 54 доллар шамасында болды. Бұған дейін ол 51 долларға дейін түскен еді. «Қара алтын құнының құбылуы да бағамға әсер етпей қоймады»-дейді экономистер.  

Меруерт МАХМҰТОВА, ҚОҒАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ САРАПТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Мұнайдың бағасы 40 пайызға төмендеді. Бұл дамып жатқан елдердің валюталарына әсерін білдіреді. Енді Ресей валютасының әлсізденуіне бұның әсері ерекше. Ол енді батыс елдерінің санкциялары да әсерін білдіріп жатыр. Келесі жылы да Ресей рублі әлсіздене береді деген болжам бар. Ол енді біріншіден, халықаралық экономиканың әсері біздің де ұлттық валютамыз-теңгеге ауыртпалығын білдіреді.

Ал, ел тұрғындары АҚШ валютасының қымбаттауы-халықтың әл-ауқатына ықпалын тигізбей қоймайтынына сенімді.  

-Доллардың бағамына мән бересіз бе?  

- Өтіп бара жатқан кезде қараймыз, көтеріліп жатыр.

-Бір теңгеден өсіп жатқаны қарапайым халыққа білінбейді де. Бірақ, кезінде 330-дан бастап қазір 380-ге көтерілді.

-Долларды ұстамаймын.

Д. Қайыртай