Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қуандық Бишімбаев жазасын өтеуді жеңілдетуді сұрады

AstanaTV
28.12.2018ж. 20:00
2457
Қуандық Бишімбаев жазасын өтеуді жеңілдетуді сұрады

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты, өз қорғаушысының жазасын өтеу тәртібін өзгертуді сұрады. Түркістан облысы Төлеби аудандық соты бүгін бұл талап-арызды қарауды бастады. Сотқа Қуандық Бишімбаевтың өзі бейне байланыс арқылы қосылды. Бірақ, сот шешімді ертеңге қалдырды. Адвокаттың айтуынша, экс-министр шілдеде қол қойылған «Рақымшылық туралы» заңына ілігеді. Ондағы талап бойынша Бишімбаев шығынды өтеп, параны қайтаруы тиіс. Шыны зауытының ісі бойынша кепіл-банк қаражатты мемлекетке қайтарған. Ал, параны Бишімбаевтың орынбасары Бақыт Жақсыбек өтеген. Тағы бір бөлігі сотталушы Сұлтан Нұрлыбектің есеп-шотынан тәркіленген. Сондықтан, адвокат оны қатаң тәртіптегі түрмеден қоныс колониясына ауыстыруды сұрады.  

Мәди МЫРЗАҒАРАЕВ, Қ. БИШІМБАЕВ АДВОКАТЫ: 

Ол әлеуметтік қауіпті емес. Оның балалары, отбасы бар. Ол әлі де мемлекетке, қоғамға пайда әкеле алады. Оның тәжірибесі мен қабілеті бар. Сондықтан, мейлінше қауіпсіз мекемеге ауыстырса деп сұрадық. Біз оның жазасын жеңілдетіп, мерзімін қысқарту емес, тек түрмеде ұстау тәртібін өзгертсе дейміз.

Айта кетейік, сотталған экс-министр қазіргі уақытта жазасын Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында өтеп жатыр. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі наурызда дүние- мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталған болатын.  

А. Төребекқызы