Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мерзімінен бұрын сайлау болмайды – Н.Назарбаев

AstanaTV
29.12.2018ж. 20:00
2274
Мерзімінен бұрын сайлау болмайды – Н.Назарбаев

Мемлекет Басшысы журналистермен кездесіп, жылды қорытындылаған. Мерзімінен бұрын сайлау туралы сұрақ қойылды. Нұрсұлтан Назарбаев парламенттің жұмысы 2021 жылы аяқталатынын жеткізді. «Парламентке қатысты ешқандай сұрақ жоқ. Заңға сай жұмысын жасап жатыр. Парламенттің мерзімі - 2021 жыл, сайлау да сол уақытта болады. Президент сайлауының уақыты - 2020 жылдың желтоқсаны. Әлі екі жыл бар, уақыты келгенде айтамыз», - деді Н.Назарбаев. 

Президент Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға да әсер етіп жатқанын, АҚШ, Қытай, Ресей және Еуропа одағы арасында қарым-қатынастың нашарлағанын айтты. Ол төрт тарапқа келіссөз жүргізуге Астанадан «алаң ұсынуға дайын» екенін жеткізді. Қытай жақтан ешқандай қауіп жоқ, деді.

Шавхат Мирзеевтің келуімен Орталық Азияда интеграция тереңдейтініне сенетінін білдірді. Болмағанда екі елдің арасында дегенге меңзеді.

Ішкі, сыртқы саясатқа байланысты көптеген сауалдарға жауап бере келе, «музыканы жақсы көрем, жақында гитарада ойнағым келді, тартып көрдім... Адам миын бос ұстамауы керек. Тіпті зейнтетке шыққанда тіл үйренуге болады, ғылыми әдебиет оқу керек, миды қозғалту керек. Мен майлы бояумен сурет сала бастадым. Көрмеге қою үшін 25 картина керек, менде әзірге 20», деді Президент.