Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мектеп ұстаздарының 80%-ы әйелдер, бұл-қауіпті құбылыс-ардагер ұстаз

AstanaTV
08.01.2019ж. 20:00
2811
Мектеп ұстаздарының 80%-ы әйелдер, бұл-қауіпті құбылыс-ардагер ұстаз

«Мектеп ұстаздарының 80%-ы әйелдер, бұл-қауіпті құбылыс». Таразда 45 жыл ұстаздық еткен ардагер ұстаз Айша Ниязбекова бүгін «Жас Отанның» белсенді тобымен кездесуде осындай пікір айтты. «Ұстаз-ұлағатты есім» деп аталатын бұл кездесу сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Ағартушы: «Оқу ордаларында ер азаматтардың қатарын көбейту керек»-дейді. Өйткені, ер азаматтың бойында бар қаталдық пен қайсарлықты көрмеген шәкірт, боркемік боп өсуі мүмкін. Білім нәрін себе отырып, бала психологиясының берік болуына да көңіл беру керек деп санайды. «Мемлекет мұғалімнің мәртебесімен қатар оның материалдық жағдайына да көңіл бөлсе»-дейді.   

Айша НИЯЗБЕКОВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Мектептерде 80% әйелдер жұмыс істейді. Ал, ер балалар бойын кімге қарап түзеуі керек? Ер азаматқа қарап түзеуі керек. Ал, ер азаматтар мектепке барғысы келмейді. Себебі, жалақысы аз дейді. Олар мектепке келіп, балаларға білім мен тәрбие беретін болса, онда біздегі білім сапа да, қоғам да біршама жөнделетін шығар.

Дәл осындай кездесу Павлодар қаласында да өтті. Түрлі-түсті металлургия колледжіне жиналған 1-2 курстың студенттері саналы ғұмырын мұғалімдікке арнаған азаматтармен кездесті. Олардың қатарында 2011 жылы Павлодардың үздік мұғалімі атанған Ернұр Дәуенов те болды. Қазір ол мемлекеттік қызметші. Десе де, жауапкершілік дегенді сол қарапайым ұстаз болып жүрген күннен басты қағидасына айналдырғанын айтады. «Жаһандану заманында оқушыларды таң қалдыру қиын. Сондықтан қазіргі ұстаздар қауымына артылар жүк те ауыр»-дейді. Айта кетері, игі бастамаға «Нұр Отан» партиясының «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы ұйтқы болды.  

Сәнира ЖҮСІПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ «ЖАС ОТАН» ЖҚ ТӨРАЙЫМЫ: 

Бізде партияда жоба бар. Ол «Жастар ауылға». Сол жоба арқылы қазіргі күнде өте көп мұғалімдер қосылып жатыр қатарға біздің үздік мұғалімдердің. Сонымен қатар, олар ауылға барып, біздің жас балаларымызды біліммен қамтып жатыр.

Т. Оспанбаева