$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Ақтөбеде 100 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырған алаяққа үкім шықты

AstanaTV
09.01.2019ж. 20:00
2687
Ақтөбеде 100 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырған алаяққа үкім шықты

Ақтөбеде психолог алаяқтық үшін сотталды. Өз таныстарының сеніміне кіріп, жүз миллион теңгегені жымқырған психолог алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Балабақша психологы таныстарына су жаңа үйлерден арзандау пәтерлер алып беруді уәде еткен. Бірақ, 100 миллион теңгеге жуық ақша жиналғанда Ресейге қашып кеткен. Күдікті Ресейдің Краснодар қаласынан ұсталыпты. Қылмыстық іс бойынша тоғыз адам жәбірленуші деп танылған. Сот олардың 96 миллионнан астам материалдық шығын өндіруді міндеттеді.  

Анар АЙТЖАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Ақтөбе қаласының №2 сотының 2018 жылдың 29 желтоқсандағы үкімімен Ю. Арутюнова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 4- бөлігі 2-тармағымен, яғни аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, оған жазасын орташа қауіпсіз мекемесінде өтеумен 6 жыл 8 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Б. Рахметова