$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Грузияда шошқа тұмауынан 13 адам көз жұмды

AstanaTV
09.01.2019ж. 20:00
2334
Грузияда шошқа тұмауынан 13 адам көз жұмды

Грузияда шошқа тымауынан 13 адам көз жұмды. Осылайша, елде карантин жарияланған. H1N1 вирусы бойынша 162 оқиға тіркелген. Қазір елдегі барлық медициналық мекемелер шұғыл режимде жұмыс істеуге кіріскен. Бұл туралы «РИА Новости» «Рустави» телеарнасына сілтеме жасап хабарлады. Алайда, Грузияның Денсаулық сақтау министрлігінің ауруды бақылау ұлттық орталығы 10 адамның өлімін осы тұмаудан екенін зерханалық тұрғыда растаған. Министрліктің хабарлауынша, өлімнің негізгі себептерін науқастың созылмалы ауруларға ұшырауы мен дәрігерге уақытында жүгінбегендерімен түсіндіріп отыр. Министрлік барлық азаматтарды маусымдық вакциналарды жасауға және гигиеналық шараларды сақтауға шақырып, тұмаудың белгілері байқалған жағдайда дереу емханаға жүгінуге кеңес беріп жатыр.  

Д. Сапарқызы