Негізгі / Жаңалықтар / Қытайда бала туу күрт төмендеді

Қытайда бала туу күрт төмендеді

Қытайда бала туу күрт төмендеді. Биліктің екінші перзентті дүниеге әкелуге рұқсат бергеніне қарамастан көрсеткіш жоғарылар емес. Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссияның айтуынша, негізгі себеп - бала туу жасындағы әйелдердің азаюы. Сәйкесінше, 2000 жылдан бері жыл сайын нәрестелер саны 15-тен 18 миллионға дейін төмендеп жатыр. Тұрмыс құрмаған қыздардың көбейіп кетуі де мәселенің бір себебі. Демографтар мұның бәрі 2065 жылға дейін халық санының 200 млн адамға дейін азаюына әкеледі деп дабыл қағып отыр. Қытайлықтар азық-түлік пен балаларға арналған қызметтердің қымбаттығынан туғысы келмейді екен. Сондықтан, сарапшылар сәби күтімі үшін қосымша экономикалық, әлеуметтік қолдау керек деп есептейді. Еске салайық, 1980 жылы Қытайда «Бір отбасы - бір бала» саясаты енгізілген. 2013 жылы мемлекет екі бала тууға рұқсат берді.  

Тао ТАО, ҚЫТАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ӘЛЕУМЕТТАНУ МЕКТЕБІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: 

Әлеуметтік сауалнамадан байқағанымыз - ата-аналарда расымен бала туу мен тәрбиелеуге қатысты қорқыныш бар. Ал, тұрғын үй , жұмыспен қамту, еңбекті қорғау, салықтық артықшылықтар, декреттік демалыс, бала күтімі салаларында үлкен әлеуметтік, экономикалық қолдаудың қажеттілігі байқалады.

А. Сейфулла