Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елдің шығысында туризмнің дамуына игерілмеген жер телімдері кедергі келтіріп отыр

AstanaTV
11.01.2019ж. 20:00
2465
Елдің шығысында туризмнің дамуына игерілмеген жер телімдері кедергі келтіріп отыр

Шығыс Қазақстанның курорттық аймақтарында мыңнан астам жер телімі пайдаға аспай, бос жатыр. Облыс әкімдігі Бұқтырма су қоймасының жағасында 600-ден астам, Сібе көлінде 300 шақты, ал Алакөлдің маңында жүз жердің игерілмей жатқанын анықтапты. Шенеуніктер осы телімдердің иелеріне жарлық қағаздарын жөнелткен. Тек осыдан кейін 200-ден артық кәсіпкер өз жерінде құрылыс нысандарын салуды бастап кетті. 325 жер он жыл бойы қараусыз деп есептеледі. Ал, қалғаны иелерінен тартып алынып, жария саудаға салынды. Олар сатылған соң өңірде туристік индустрия дами бастайды, - дейді әкімдік қызметкерлері. Себебі, мұнда демалыс орындары мен санаторий салуға қызығушылық білдіріп отырғандар жеткілікті көрінеді. Ішінде, тіпті, шетелдік инвесторлар да бар көрінеді.  

Марат ҚАБАҚОВ, ШҚО ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Өңірдегі туристік аймақтарда көп жылдан бері бос жатқан жер телімдері бар. Не оның иелері құрылыс жүргізбейді, не инвесторларға мүмкіндік бермейді. Енді осы аумақтар аукцион арқылы сатылатын болады.

Д. Қайыртай