Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Исламнан бас тартқан 18 жасарлық Сауд Арабия тұрғыны Рахаф Кунин Австрияға қоныстануы мүмкін

AstanaTV
11.01.2019ж. 20:00
2257
Исламнан бас тартқан 18 жасарлық Сауд Арабия тұрғыны Рахаф Кунин Австрияға қоныстануы мүмкін

Исламнан бас тартқан 18 жастағы Сауд Арабия тұрғыны Рахаф Кунин Австралияға қоныстануы мүмкін. Дегенмен, Австралияның сыртқы істер министрі Марис Пейн бұл мәселенің әлі де қаралу үстінде екендігін хабарлады. Айта кетсек, 9 қаңтар күні Австралия билігінен Біріккен ұлттар ұйымының босқындар ісі жөніндегі агенттігі Рахафқа баспана сұратқан болатын. Ал, бойжеткен қазір Тайландағы қонақ үйден шықпай отыр. Бастапқыда Тайланд билігі қызды еліне қайтармақ болған. Бірақ, ол исламнан безгені үшін отбасы мүшелері өміріне қауіп төндіретінін айтқан соң шешімдерінен бас тартқан. Ол БҰҰ хат жазып, ұйым пана сұрауға құқы бар екенін растаған.  

Марис ПЭЙН, АВСТРАЛИЯНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, істі толық зерттеп болғасын нақты қадамдар жасайды. Бұл процесс аяқталған кезде біз ресми хабарландыру жасайтын боламыз.

Ә. Өмірзақ