Атырауда трансформатор өртеніп, тұрғындардың тұрмыстық техникалары жанып кетті. Төтенше жайт түс кезінде болған. «Гаухартас» ықшам ауданы тұрғындарының айтуынша, үйде бір мезетте электр шамдары жарқырап, тұрмыстық техника түтіндей бастаған.
Еркін АЛПАТАНОВ, ТҰРҒЫН:
Түскі ас кезінде электр шамы жарқырап, тұрмыстық жабдықтардың қуат беру блоктары атыла бастады. Ал, әйелім бөлмеге кіргенде теледидар түтіндеп жатқан. Осыдан –ақ, белгілі, бәрі жанып кетті. Кімнен сұрап, кімнен талап етеміз мұны?
«Тұрғындар үйде адам болмаса, баспанамыз да өртеніп кетер ме еді?»- дейді. Бұл ықшамауданда екі қабатты 25 үй бар. 2006 жылы бой көтерген. Бірнеше сағат жарықсыз, жылусыз қалған тұрғындарға қазір электр қуаты қайта қосылған. Жергілікті билік бұл үйлер жарық алып отырған трансформатор жылдар бойы иесіз тұрғанын айтып отыр. Соған қарағанда, жанып кеткен техниканың ақысын өндіру оңайға соқпайтын сияқты.
Жасұлан ҚАМЗАЕВ, АТЫРАУ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Техникаларын біздің баланста болмаған соң трансформатор бұрынғы застройщиктен алу керек. Застройщиктерді сотқа беру керек. Кімдер ол, неге балансқа тапсырмай кетті? «Атырау жарыққа» не қалалық тұрғын үйге тапсыру керек. Сондықтан, бұрынғы застройщиктерді сотқа беру керек.
Б. Нәдірқызы