$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұротандықтар Шымкентте далада қалған келіншектің мәселесін шешті

AstanaTV
15.01.2019ж. 20:00
2481
Нұротандықтар Шымкентте далада қалған келіншектің мәселесін шешті

Шымкентте «Нұр Отан» партиясының өкілдері аяғы ауыр жалғызбасты келіншектің мәселесін бір мезетте шешіп берді. 2-топтағы мүгедек Жадыра Әріпова қыстың көзі қырауда барар жері қалмағанын айтып, билік париясынан көмек сұрай келіпті. 29 жастағы келіншек қаладағы «Ана үйінің» біріне жайғастырылды. Ол мұнда жарты жыл тұра алады. Шымкентке өткен жазда жұмыс іздеп келген. Содан бері әжетхана тазалап, тойханалардың ыдысын да жуып амалдаған. Айы-күні жақындағандықтан жұмысқа жарамаған жалғызбасты келіншек, пәтерақысын төлеуден қиналғанын айтады. Ал, мүгедектігі үшін алатын ақшасы түкке жетпейді деп отыр. 

Жадыра ӘРІПОВА:

«Нұр Отан» партиясына рахметімді айтамын. Менің арманым сол баламды ойлаймын, аман-есен босанып алайын деймін. Жататын жерім жылы, жақсы. Бұл жердегі апайлар жақсы. Балам өскеннен кейін садикке берсем деймін, сосын жұмыс істесем деймін. Өзіммен өзім өз күнімді көрсем деймін.

Қалалық қоғамдық қабылдау бөліміне келушілердің дені әлеуметтік мәселелерді алға тартады. Баспана жайы, жұмысқа тұру, коммуналдық сұрақтармен келетіндері көп. Былтыр бас партияның өкілдері 919 арыз-шағымның 78 пайызын оңтайлы шешкен. 126-сы бойынша заң аясында кеңес беріпті.  

Бақтыбай ӘЛІПОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:  

Қаңтар айының басынан бері бүгінгі күнге 48 өтініш келіп түсіп отыр арыз-шағымдар. Оның 13 мәселені біз оңтайлы шештік. Қалған біз 27 мәселе бойынша заң аясында біз түсініктеме кеңестер бердік. Қалған 8 арыз-шағымымыз бойынша, қазір тиісті жұмыстар жүргізілуде.

А. Төребекқызы