$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Б.Рысқалиев пен оның сыбайластары мемлекетке 27 млрд теңге қайтаруы тиіс

AstanaTV
15.01.2019ж. 20:00
2709
Б.Рысқалиев пен оның сыбайластары мемлекетке 27 млрд теңге қайтаруы тиіс

Атыраудың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев 17 жылға сотталуы ықтимал. Экс- шенді мен оның сыбайластарына қатысты мемлекеттік айыптаушы соттан осындай жаза кесуді сұрады. Ал, ағасы экс-депутат Аманжан Рысқали мен күйеу баласы Рүстем Әлбақасов 16 жыл арқалауы мүмкін. Прокурор қалған айыпталушыларды 8-ден 10 жылға дейін соттауды ұсынды. Талапкер тарап - облыс әкімдігі Бергей Рысқалиев мемлекетке 27 млрд теңге қайтаруы тиіс деп мәлімдеді. 

Ержан ҚАБДЕШОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ ӨКІЛІ: 

Біз сот-экономикалық сараптамасы мен мен Атырау қалалық салық басқармасы мамандары қорытындысын негізге алып, бүгінгі таңда келген жалпы залал көлемі 30 млрд 224 млн 892 мың теңге деп есептеп отырмыз. Оның 3 млрд теңгеге жуығы мемлекетке қайтарылды.

Айта кетейік, барлығы 754 томнан тұратын қылмыстық іс былтыр қазан айында басталған еді. Сырттай өтіп жатқан сотта Бергей Рысқалиев және оның сегіз сыбайласына Қылмыстық Кодекстің сегіз бабы бойынша айып тағылып отыр. Атап айтсақ: «ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару», «сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету», «қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлiктi заңдастыру». Әу-баста мемлекетке 72 млрд теңгеген астам шығын келгені айтылған еді.  

Б. Нәдірқызы