Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Жас Отан» жастар қанаты «Bilim Ortalygy» партиялық жоба аясында республикалық лекция ұйымдастырды

AstanaTV
16.01.2019ж. 20:00
3783
«Жас Отан» жастар қанаты «Bilim Ortalygy» партиялық жоба аясында республикалық лекция ұйымдастырды

Ұстаз мәртебесін көтеру-ұлт мерейін өсіру. Бүгін «Жас Отан» жастар қанаты, «Нұр Отан» партиясының «Bilim Ortalygy» жобасы аясында жер-жерде ашық есік күнін өткізді. Шара барысында білім саласының ардагерлері мен білікті мұғалімдер жастармен пікір алмасты. Педагог мәртебесі туралы заң жобасын талқыға салып, ұсыныс-тілектерін жолдады.  

«BilimFest» деп аталатын ашық есік күніне қатысуға келген қостанайлық студент жастар қос қуанышқа кенелді. Олардың игілігіне тағы бір алаң берілді. Билік партиясының қолдауымен осымен облыста төртінші білім орталығы ашылып отыр. Облыстық ғылыми- әмбебап кітапханасына келушілер енді ғаламтор желісінен қажетті мәліметтерді алып, тоғызқұмалақ, асық ойнап, дойбы мен шахматтан қабілетін сынайтын болады.

Әнел СӘТТІБЕКОВА, СТУДЕНТ: 

Қазіргі кезде біз білеміз көп адамдардың үйінде ғаламтор бар. Сондықтан олар үйінен шықпайды. Өзі ғана өмір сүреді. Ал, осы жерде қоғамдық жұмысқа да араласады деген ойлаймын.

Бүгін ашылған «Bilim Ortalygyында» бірінші рет студенттер мен педагогтар пікір алмасып «Заманауи қазақстандық білім саласындағы ұстаз мәртебесі» тақырыбын талқыға салды. Заң жобасы жөнінде әңгіме өрбітті.  

Гүлвира МҰСАБЕКОВА, ҚМПУ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СҰРАҚТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ: 

Осы заң бойынша ертең жұмысқа тұрғанда қандай жаңалықтары оларды күтуде. Заң қандай ол кісілердің педагогикалық мәртебесін қорғауда. Көтеруде. Сол туралы әңгіме болды. Жалпы жастардың заңға немесе педагогикалық мәртебе жөнінде көзқарастары өте тамаша.

Мұғалім мәртебесін көтеру, ұстазды құрметтеу тақырыбы Қарағанды қаласында да талқыға түсті. «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған лекцияға білікті ұстаздар қатысып, студенттердің сауалдарына жауап берді. Кездесу облыстық кітапхана төрінде ашылған «Bilim Ortalygyында» өтті. Билік партиясының қолдауымен ашылған орталық қазіргі кезде Қарағанды жастарының оқу және пікірталас алаңына айналып отыр.   

Әділет ҚОЯНБАЕВ, Е.А. БУКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: 

Педагог мәртебесін көтеру қажет.Оқушылар мұғалімге құрмет көрсете білуі тиіс. Олар ұстаздан жақсы білім алуы керек. Қазіргі кезде қазақстандық ұстаздардың айлығын 20 пайызға көтерді. Бұл өте дұрыс. Біз оның айлығымен қатар мәртебесін де көтеруіміз керек.

Мектеп бағдарламасына «Этнография» және «Этика» пәндерін енгізу керек. Сыр бойындағы ардагер ұстаздардың өзге де ұсыныстары бар. Ардагерлер сөзіне сүйенсек, мектеп мұғалімдерінің сексен пайызы әйелдер. Білім саласына білгір жігіттерді тартқан абзал. «Ұстазды құрметтеу үшін ұрпаққа ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру қажет» - дейді қарт ұстаздар.  

Сексенәлі РАХАНОВ, ҚР БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ:  

Біріншіден, ер балдарды қызықтырып, мұғалімдік институттарға көбірек алу керек. Екіншіден, оны қызықтыру үшін материалдық жағдайына қарау керек. Айлық ақысы, күн көрісі нашарлау болғандықтан ер азаматтар мүғалімдіктен қашқақтап, кетіп жатады. Педагогтардын құқығын, құзыреттілігін арттыру мәселесінде заңдылықтар жоқ.

Ал, Атыраудағы «BilimFest» Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасындағы орталықат ұйымдастырылды. Жастар әуелі кітап көрмесін тамашалап, жаңа әдебиеттермен танысты. Мұнда 400 мыңға тарта кітап қоры бар.  

Ринат ҒИЛАЖЕВ, «ЖАС ОТАН» ЖҚ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Кітап - бұл бізді қараңғылықтан шығаратын бірден бір құрал. Сондықтан, жастар бұл кітаптың маңыздылығын ұмытпау керек. Кітапқа жететін құндылық жоқ. Осы мақсатта қазіргі көптеген шаралардың бірі бүгін кітапханада ұйымдастырылып отыр.

Айта кетейік, аймақта 10 жаңа форматтағы білім орталығы жұмыс істейді. Білім фестивалі «Қазіргі қазақстандық білім берудегі ұстаз мәртебесі» тақырыбындағы пікірталас алаңында аяқталды.   

З. Санай