Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Батыс Қазақстан облысында балықты қорғау жұмыстары жүргізілуде

AstanaTV
17.01.2019ж. 20:00
3230
Батыс Қазақстан облысында балықты қорғау жұмыстары жүргізілуде

Ал, Батыс Қазақстанда мұз астында қалған балықтардың қырылып қалу қаупі жоғары. Жергілікті балық қорғау инспекциясының дерегінше, өңірдегі 200-ден астам суқойманың тең жарымына жуығында жағдай мәз емес. Бұл үшін өзен-көлдерде ойық жасалуы тиіс. Балыққа қажет оттегі осы ойықпен су астына тарайды. Ойық қатып қалмауы үшін әрқайсысына қамыс шоғы салынады. Өйткені, «мұз қалыңдаған сайын, балық мекендейтін кеңістік тарыла береді» - деді мамандар. Суасты тіршілігін қорғау жұмыстары қазір облыс бойынша жүргізілуде. Дегенмен, аймақтағы 224 суқойманы түгел қамтуға бір ғана балық қорғау инспекциясының қауқары жетпейді. Әзірге оларға студенттер қолғабыс етуде.  

Бағдат ҒАБДУЛЛИН, БҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ: 

Мұздың қалыңдауына және қардың қалың жаууына байланысты балықтардың тұншығу қаупі жоғарылап тұр. Егер, біз осы жұмыстарды жасамасақ, балық қырылып қалайын деп тұр. Облысымыздағы тұрғындарды осындай іс-шараға қатысып, ойық ойса, бізге артық етпес еді. 170 су айдынында балықтың тұншығу қаупі жоғары болып тұр. Соның барлығын қамту мүмкін емес. Әрине, облыс тұрғындары осы шараға қатысып, бізге көмектессе деген ойдамын.

Е. Карин