Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қызылордадағы ойын, спорт алаңдарының жағдайына балалар алаңдаулы

AstanaTV
17.01.2019ж. 20:00
3223
Қызылордадағы ойын, спорт алаңдарының жағдайына балалар алаңдаулы

Балалы үйде ұрлық жатпайды! Қызылордада ауладағы ойын алаңдарының сәні қашқан. Біраз жыл бұрын көпқабатты үйлердің маңында пайда болған ойын-спорт алаңдары тұрғындарға қуаныш сыйлаған еді. Бірақ, соңғы жылдары олардың сыйқы кете бастады. Бұл көрініске тұрғындар алаңдаулы. Әсіресе, балалар: «бүлінген алаңдар дер кезінде қалпына келтірілсе екен» - дейді.  

Нұрмұхаммед БАЗАРБАЙ:  

Ойнайтын вообще жер жоқ тұғын, машиналар толып тұратын. Бұл салынып еді, бәрі ойнауға келді. Ойын алаңы, футбол алаңы салынды. Кішкентайларға да рахат болды. Қазір сынық, барлық жері жыртылып, сынып болған. Тесік футбол алаңы, баскетболымызда сеткасы жоқ, сынық. Үлкендер осыған мән берсе деген ойымыз бар.

Кішкетай Нұрмұхамедттің базынасына әкім орынбасары жауап берді. Қалада төрт жүздің үстінде ойын-спорт алаңы бар дейді. Оның отыз пайызы демеушілердің қаражатына салыныпты. Соңғы бес жылдың өзінде жүз елуге жуық алаң пайда болған. Жергілікті бюджеттен жыл сайын оны жөндеуге 14 миллион теңге бөлінеді. Шенеунік тұрғындарды қолда барды күтіп ұстауға шақырады.  

Берік СӘРМЕНБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Ол жерде мысалы, біз барып сыңдырмаймыз. Соны өздері де қарап, жұмыс жасауға болады ғой. Бізде жыл сайын ойын-сауық алаңдарына қаражат бөлінеді, ремонтына. Краскілеуіне, кеткен жерлерін жөндеуге соған қаражат бөлініп отыр мемлекеттен.

Ш. Сақтапова