Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қытайдың «екінші Америка» атануға таласы жоқ - Ван И

AstanaTV
17.01.2019ж. 20:00
2129
Қытайдың «екінші Америка» атануға таласы жоқ - Ван И

Ал, Қытай АҚШ-пен бақталаспайды. Аспан асты елінің «екінші Америка» атануға таласы жоқ. Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И «Жэньминь жибао» басылымына берген сұхбатында айтты. Америка сарапшылары «қуатты мемлекет басқыншыға айналады. Қытай алдағы уақытта АҚШ-қа «таяқ» тастауы мүмкін»,- деген долбармен бөліскен. Бірақ, министр мұнымен түбегейлі келісіп отырған жоқ. Алпауыт елмен арада алауыздық болмайтынын атап өтті.  

Хуа ЧУНИН, ҚЫТАЙ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Қытай - халықаралық және аймақтық ережені сақтайды. Сондықтан, біз қару қолданып емес, ереже сақтау арқылы қорғанамыз. Және АҚШ халықаралық тәртіпті бұзбай, құрметпен қарайды деп сенеміз. Бұл істе әскери биліктің күшін арттыру мақсатында қауіпті қару шығарудың мүлде қажеті жоқ.

Биыл Пекин мен Вашингтон арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына - 40 жыл. Бірақ, атаулы күнді қос держава тойлауға құлықсыз. Бұған арадағы сауда соғысы кедергі. Еске салайық, бұған дейін АҚШ Қытай тауарларына 250 млрд-ты құрайтын салық салған. Санкцияға Қытай қарымта жауап берді.  

А. Бектас