Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Д. Трамп аудармашылары тергелмек

AstanaTV
17.01.2019ж. 20:00
1793
Д. Трамп аудармашылары тергелмек

Шет елден аз-кем ақпар. Демократтар Трамп пен Путиннің кездесуіне қатысты АҚ Үй басшысының аудармашыларын тергемек. Бұл туралы «The Hill» басылымы хабарлады. Олар өз хаттарында мұндай қадамға АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін барғалы отырғандарын жазған. Өйткені, Америка президентінің Владимир Путимен кездесуінде құпиялылық көп деген күдік бар. Бұған дейін Путин өз аудармашыларына кездесу жөнінде тіс жармауға бұйрық берген. Мұны» Washington Post» газеті мәлімдеді. Еске салайық, 13 қаңтарда АҚШ Федералды тергеу бюросы Тональд Трампқа қатысты тексеруді бастады. Олар президенттің шешімі ұлттық қауіпсіздікке қаншалықты қауіп төндіріп тұрғанын анықтамақ. Сондай-ақ, әдейі Ресейдің мүддесіне сай жұмыс істеді ме, әлде оның ықпалына түсті ме деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Мәскеу АҚШ-тағы президент сайлауына хакерлік көмек арқылы араласты деп айыпталған еді. Бірақ, Кремль оны үнемі жоққа шығарып келеді.  

Г. Меңдеева