Негізгі / Жаңалықтар / Талдықорғанда мердігер салғыртығынан газдандыру жұмыстары тоқтап қалған

Талдықорғанда мердігер салғыртығынан газдандыру жұмыстары тоқтап қалған

Талдықорғанда мердігерлердің салғыртығынан газдандыру жұмысы баяу жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындардан толассыз шағым түскен соң «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісудегі филиалы нысандарда тексеріс жүргізген. Белгілі болғандай, кейбір мердігерлер тұрығындардан алдын-ала толық төлемді алып, жұмыстарын салғырт жасаған. Сондай-ақ, көбісі қауіпсіздік талаптарын да орындамай, бастысы - тұрғындарды көгілдір отынсыз қалдырған. Тілші материалында . 

Илхам Молыбаев Талдықорғанның жүздеген ұрғынмен қоса мердігерлердің арбауына түскендердің бірі. Оған күзде аз уақытта газ қосып береміз деп, «КазТрансГаз Аймақ» компаниясының атын жамылған қызметкерлер келген. Ауқымды соманы алдына-ала алып, із-түссіз жоғалыпты. Кейін, белгісіз адамдардың компанияға еш қатысы жоқ екені анықталды.  

Илхам МОЛЫБАЕВ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Сразу оларға аванс беріп 50 мың теңге. Олар ертесіне келіп трубаларды лақытырып жіберген. Сосын бүрсігүні келіп документацияға деп 30 мың алып кетті. Бір ай өтті ештене болған жоқ. договорды ашып қарасам мүлдем басқа компанияның мөрі тұр. Оны дұрыстап қарамғанбыз ғой сеніп.

Осылайша, Талдықорғанда 200-ге жуық тұрғын алаяқ компаниялардың арбауына түсіп қалған. Алайда, Илхам Молыбаевтың оқиғасы оң шешілді. Ол «КазТрансГаз Аймаққа» жүгіннен соң, екі аптадан кейін компания газ қосып берген. Алаяқтар да ұсталды. Жетісу филиалы хабарлағандай, Алматы облысында нысандарды газдандыру саласында 45 компания жұмыс істейді. Олардың барлығы нарық заңына сай, еш кедергісіз жұмыстарын істеуде.  

Жайық АЛИШЕВ, «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ ЖЕТІСУ ӨФ ДИРЕКТОРЫ: 

Өздерінің біліксіздігін жасыру мақсатында кейбір компания өкілдері біздің филиалға күйе жағып, жауапкершіліктен жалтаруға тырысуда. Біздің ойымызша, аталған мекемелер филиалға қысым көрсету мақсатында билік органдарына шағымдануды әдетке айналдырған. Ал, өздері арзан бағаға газ кіргіземіз деп, бұрын қолданыста болған, ескі құбырларды пайдаланып, жұмыс сапасына мән бермейді.

Филиал алаяқтардың әрекетін тиып, жеке үйлерді газдандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыра бермек. Алдағы уақытта компания 5 мыңнан астам тұрғын үй мен 10 мыңға жуық көп қабатты үйді газбен қамтамасыз етуге күш салып жатыр.  

Д. Сапарқызы