Негізгі / Жаңалықтар / «Нұр Отан» партиясының хатшысы Т. Дүйсенова қоғамдық қабылдау өткізді

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Т. Дүйсенова қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова қоғамдық қабылдау өткізді. Оған келген халық қарасы көп болды. Бірі әділдік іздесе, бірі қолдауға зәру. Басым көпшілігі баспана жайымен алданып қалғандар. Бұл Тельман есімді азамат. Полигонның зардабынан екі аяғынан айырылған. Емделу үшін Ақтөбеден Астанаға қоныс аударған. Қазір пәтер жалдап тұрады. «Лаж болса, бұрыңғы кәсібін осы қалада да жалғастырсам» - дейді. Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін партияның «Кедергісіз келешек» жобасы жұмыс істейді. 

Тельман МҰҚАШЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНЫ:  

Мен сондай кәсіпкер едім Ақтөбеде.Бәрін шығарамын.Мында келген соң үзілді бәрі.Сол общество арқылы бірдеңе жасағың келеді. Ешқандай көмек жоқ ол жақта 

Тамара ДҮЙСЕНОВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:  

Қазір сіздерге жеке очередь болады. Қалада да сіздер сияқты азаматтар бар ғой. Олардың барлығы кезекте тұр. Сол кезекке қарайдыма,олар өздері қарап айтар. Олардың өздерінің фонды бар. Бірақ, сразу айтайын бүгін-ертең бара салып Тельман Мәжітұлы бере салады деп айта алмаймын. Олар өздерінің кезегіне қарап айтар, иә?!. 

E. Қабылтай