Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мемлекетті де жеке компания секілді бір орталықтан басқару деңгейіне жетуіміз керек - Н.Назарбаев

AstanaTV
18.01.2019ж. 20:00
7379
Мемлекетті де жеке компания секілді бір орталықтан басқару деңгейіне жетуіміз керек - Н.Назарбаев

«Мемлекетті де жеке компания секілді бір орталықтан басқару деңгейіне жетуіміз керек». Бүгін «Smart Aqkol» цифрландыру жобасымен танысқан Прездиент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Енді шағын шаһар ахуалын бір ғана экран арқылы біліп отыратуға болады. Ақылды қаланы көріп қайтқан Абай Сейфулла жалғастырады.  

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ:  

Мен қазір Ақкөл қаласының ситуациялық орталығында тұрмын. Мына картадан қаладағы барлық қалалар мен нысандар бақыланады. Қылмыстық немесе төтенше орын алса, ешкімнің хабарлауынсыз-ақ сигнал келіп, тиісті органдар жылдам әрекет етеді. Елбасы жұмыс сапарында дәл осы орталық жұмысымен жіті танысты. Қажетті ақпаратты уақытында алып отыру үшін елді мекен бойынша қазір 100 ге жуық бейнекамера, WI-FI, жарық пен жылуды есептеудің 1000 шақты смарт құрылғысы, 250 лед шамы орнатылған. Жоба бюджеті 700 млн теңгені құраған. Бірақ, жүйенің тиімді жұмысы арқылы ресурстарды 40-50 пайызға үнемдеуге болады екен.

САМАТ Имбаев , «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:  

Бірінші кезекте кезекте біз әлеуметтік мекемелерді қамтыдық. Мектептерді, балабақшаларды, әкімшілік ғимаратты. Қалада жүріс-тұрысы көп қоғамдық жерлерге бейнебақылау желілерін қолдандық. Көпқабатты үйлер подъездеріне өзіміздің қызметтерімізді қолдандық. Үшіншіден, IUT деген технологиямыз бар. Датчиктер негізінде ауа райын өлшеу, құрамын зерттеу деген секілді. Сол информацияның бәрін жинақтап, деректер орталығына тасымалдадық.

Ақкөл пилоттық жоба үшін инфрақұрылымы мен географиясы ең ыңғайлы елді мекен деп табылған. Астананы да ақылды қалаға айналдыру үшін бір жыл уақыт керек екен. Президент мұндай жобаларға шығындалсақ та, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру мен қолайлы, қауіпсіз орта қалыптастыру үшін маңызы орасан зор деді. Себебі, мақсат - елді бір орталықтан тиімді басқару деңгейіне жету.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Задачу, которую я всегда видел, - управлять Казахстаном, как компанией или предприятием, из единого центра. Вот здесь концентрированное управление, и это преимущество сейчас все признают. Не демагогическая болтовня - кто, где, что будет делать, а вертикальное, конкретное, жесткое управление дает хороший результат в смысле экономики и вообще.

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ: 

Осылайша 14000 ғана тұрғыны бар Ақкөл 6 айда «Smart City» концепциясы толық жүзеге асқан алғашқы қала болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ірі шахарлар үшін де осы технологияны енгізудің мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

А. Сейфулла