Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қостанайдағы қоғамдық көліктердің көбісінде мүмкіндігі шектеулі жандардың жүруі мүмкін емес

AstanaTV
22.01.2019ж. 20:00
2270
Қостанайдағы қоғамдық көліктердің көбісінде мүмкіндігі шектеулі жандардың жүруі мүмкін емес

Ал, Қостанайдағы 400-ге жуық қоғамдық көліктің 15-де ғана арнайы пандус бар. «Нұр Отан» партиясының өкілдері «Кедергісіз келешек» жобасы аясында апталық мониторинг жүргізіп, қаладағы жолаушылар таситын транспорттарды тағы тексеріп шықты. Маршрутта жүрген 80 автобустың жағдайымен танысты. Арбаға таңылған адамдар үшін қоғамдық көліктерде кедергі көп. Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мамандары қала бойынша 393 маршруттық автобус бар деді. Соның сексені ғана мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайластырылғанын айтты. Қостанайда қозғалысы шектеулі жандар үшін «Ақылды көлік» қосымшасы жұмыс істейді. Сол арқылы ыңғайлы көліктің бағытын бақылауға болады. Ал, қоғамдық көлік жүргізушілері қыс мезгілінде арбадағы адамды автобусқа отырғызу қиындай түсетінін айтады.  

Олжас ДҮЙСЕКОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ҚО ФИЛИАЛЫ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Түйткіл тек қоғамдық көліктерде емес, соған қоса коммуналдық мекемелер де жұмысын тыңғылықты тындырмайтыны анық болды. Аялдамадағы қар күрелмейді. Айналасы көктайғақ. Соның кесірінен автобустар тақап тоқтай алмайды. Арбадағы адамды автобусқа отырғызу тіпті қиынға соғады. Осы тектес проблемалар бар.

З. Санай