Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Енді «7-20-25» бағдарламасына үйі барлар да қатысуы мүмкін

AstanaTV
22.01.2019ж. 20:00
2463
Енді «7-20-25» бағдарламасына үйі барлар да қатысуы мүмкін

Енді «7-20-25» бағдарламасына үйі барлар да қатысуы мүмкін. Осындай ұсынысты Үкімет отырысында Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев айтты. Бұған дейін шарт бойынша өтініш берушінің иелігінде үйі болмауы керек еді. Жылжымайтын мүлкі барлар да бұл бағдарлама қатысса, көп балалы отбасылардың шаңырағын кеңейтуіне, ұл-қызына үй әпергісі келетіндерге тиімді болмақ. Биыл бағдарлама бойынша 16 мың пәтерге сұраныс бар. Бүгінде 4 350 адам баспаналы болған. Банктер 1 мыңнан астам адамға несие беруден бас тартқан. Негізгі кедергі - несие тарихының нашарлығы мен ресми кірістің болмауы. Бағдарламаға сай келетін пәтерлер де аз. Сондықтан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер салымшыларға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы «7-20-25» -тің талаптарымен берілуі мүмкін. Халыққа баспана, ал студенттерге жатақхана жетпейді. Бас мұғалім Ерлан Сағадиев биыл республика бойынша 5000 орынға жатақхана салып берем деді. 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орындық студенттер үйі тұрғызылуы тиіс. Министр құрылысты тез аяқтаудың жолдарын ұсынып отыр.   

Ерлан САҒАДИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ: 

Рекострукция механизмін белсенді пайдалану қажет екеніне региондардың назарын аударғым келеді. Қазіргі уақытта жарияланған 20 жобаның алтауы реконструкция арқылы 1200 орынды енгізуді көздеп отыр. Реконструкция қосымша жер бөлуді және көп қаржы шығындарын қажет етпейді.

А. Сейфулла