Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Тобыл өңірінде «Мектеп асханалары» партиялық жобасы аясында 31 білім ошағында мониторинг жүргізілді

AstanaTV
23.01.2019ж. 20:00
2182
Тобыл өңірінде «Мектеп асханалары» партиялық жобасы аясында 31 білім ошағында мониторинг жүргізілді

«Нұр Отан» партиясының «Мектеп асханалары» жобасы аясында Тобыл өңіріндегі 31 білім ошағында мониторинг жүргізілді. Ведомствоаралық сарапшылар тобы бүгін Рудный қаласындағы қос гимназияға бас сұқты. Олар асханадағы ас мәзірі мен азық-түлік сапасын қарады. Кеншілер қаласындағы нөмірі екінші гимназияда 771 баланың көбі мектеп асханасынан ауқаттанады. Мұндағы тамақтың құны 280-300 теңге шамасында. Сарапшылар тобы гимназияның тамақтану орынынан олқылықтар таппады. Тексеріс шаһардағы нөмірі бесінші гимназия асханасында жалғасты. Айта кетейік, Қостанай облысы бойынша 21 ведомствоаралық сарапшылар тобы құрылған. Олар 10 күннің ішінде 31 білім ошағында мониторинг жүргізген. Наурыз айына дейін 100 мектепті қамтуды жоспарлап отыр.  

Жанар КҮЙШІНОВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ КЕҢЕСШІСІ: 

Бірнеше кемшіліктер байқалып отыр қазіргі таңда. Мысалға, тағамдар жасауда табиғи және жасанды азық-түліктер пайдалануы. Сондықтан да осы біздің ұсыныстарымыздың нәтижесінде табиғи азық-түліктер толығымен болады деген үміттеміз.

З. Санай