Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы жаңа заң жобасының концепциясы әзір болды

AstanaTV
24.01.2019ж. 20:00
3134
Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы жаңа заң жобасының концепциясы әзір болды

Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы жаңа заң жобасының концепциясы әзір болды. Ол ертең Әділет министрлігінде таныстырылмақ. Бұл жайлы бүгінгі «Нұр Отан» фракциясының отырысында Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Рустам Ахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, 2017 жылы 50 мыңға жуық тұтынушының құқығы бұзылған. Оның көбі қаржылық қызметте жіберілген. Әсіресе, зейнетақыға байланысты, сақтандыру және коллекторлық қызметке де шағымданғандар көп. Өндірістердегі қателіктер көбіне жаңа ашылған кәсіпте болатын көрінеді. Оның алдын алу жаңа заң жобасында ескерілмек.  

Жандарбек БЕКШИН, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Жаңадан құрылған өндірістерді үш жыл көлемінде тексерістен босату дұрыс емес деп ойлаймын. Менің ойымша, кәсіпкерді бірінші кезеңінде онымен бірге жұмыс істеу керек. Олардың тексерісі профилактикалық түрде жүргізілсе дейміз. Өйткені, бастапқы ашылған мекемеде алғашқы кезде көп қателіктері болатыны сөзсіз. Оларды оқытып, дұрыс жолды көрсетуіміз керек. Сонда ғана олардың кәсібі алға басады.

Мейрам ПІШЕМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Заң түрінде жаңа нормалар кіргізіп, тамақ саласында да көптеген импорт келіп жатыр. Соның сапасы бүгінгі жағдайда төмен сапалы тауарлар келетінін біз көріп отырмыз. Ондай жағдайларға біз мүмкіншілік бермеуіміз керек.

У. Қабылтай