Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырауда перинаталдық орталық дәрігерлері ана өлімі үшін жауап бермек

AstanaTV
24.01.2019ж. 20:00
4047
Атырауда перинаталдық орталық дәрігерлері ана өлімі үшін жауап бермек

Атырауда дәрігерлер жүкті әйелдің өлімі үшін сот алдында жауап беріп жатыр. Айыпталушылар қатарында облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары, екі анестезиолог және бір дәрігер бар.  

Зәуре ҚАЗАҚБАЙ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:  

Қылмыстық Кодекстің 317 бабының 3-ші бөлімімен Атырау қаласының дәрігерлеріне қатысты қылмыстық істің қаралуы басталды. Жалпы қылмыстық іс «медицина қызметкерлерінің өзінің қызметтік міндеттеріне ұқыпсыз, адал қарамауы, тиісінше орындамауы салдарынан адамның өліміне абайсызда әкеп соққан» деген қылмыстық баппен айыпталып отыр.

Қайғылы жағдай 2017 жылдың шілде айында болған. Ай-күні жақындап перзентханаға түскен Анаргүл Майлыбаева егіз сәбилерін дүниеге әкелген соң перинаталдық орталықта көз жұмған. Туыстары дәрігерлердің қателігін дәледеу үшін эксгумация жасатқандарын айтты. Оның қорытындысында жас ана инфекциядан қайтыс болғаны көрсетіліпті. 25 жастағы келіншектің соңында 5 баласы жетім қалды.  

Б. Нәдірқызы