Негізгі / Жаңалықтар / Маңғыстауда АИТВ жұқтырғандар көбейді

Маңғыстауда АИТВ жұқтырғандар көбейді

Маңғыстау облысында иммун тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандар көбейді. Өткен жылы 52 оқиға тіркеліпті. Бұл 2017 жылға қарағанда 11 пайызға артық. Ауру жұқтырғандардың 7-і шетелдік. Дерт өңірдің Жаңаөзен мен Маңғыстау ауданында ғана тіркелмеген. Мамандар жұқпалы дерт әлеуметтік жағдайы жақсы адамдар арасында тарап бара жатқанын айтып отыр.  

Жәмила МАХАМБЕТҚАЛИЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖИТС ОРТАЛЫҒЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

АИТ инфекциясы бұрын есірткіні қолданатындар арасында я болмаса коммерциялық секс қызметін көрсететін адамдар арасында анықталатын ауру болатын болса қазір бұл кәдімгі қоғамда орны бар жұмыс жасайтын адамдар арасында анықталып жатыр.

А. Қуаш