$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО-да мас күйінде көлік айдаған 1,2 мың адам жүргізушілік куәлігінен айырылды

AstanaTV
30.01.2019ж. 20:00
2919
БҚО-да мас күйінде көлік айдаған 1,2 мың адам жүргізушілік куәлігінен айырылды

Батыс Қазақстан облысында көлікті мас күйінде басқарған 1 200 адам жүргізушілік куәлігінен айырылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Өкінішке қарай, ішімдік ішсе де, қауіпсіздікті ұмытып, көлік рөліне отыратындар жетіп артылады. Олардың қатарында осыған дейін де көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жазаға тартылғандар да бар. Былтырдың өзінде осылай заң бұзған 182 адам жазаланыпты. Қылмыстық Кодекстің 346-бабы бойынша жүргізуші ғана емес, көлігін мас адамға берген көлік иесі де заң алдында жауап береді. Тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қамалуы да бек мүмкін.  

Әлия НАУРЫЗҒАЛИЕВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Бұл бап бойынша кінәлі болғандар белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзiмге айырылады. Сондай-ақ, 200 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Е. Карин