Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясының беделі жылдан-жылға артып келеді

AstanaTV
30.01.2019ж. 20:00
3345
«Нұр Отан» партиясының беделі жылдан-жылға артып келеді

Жиырма жылда Жамбылдағы нұротандықтар саны 70 мыңға жетті. Партияның негізі қаланған 1999 жылы облыстық филиал құрамы небәрі 400 адамнан тұрған. Мұндай мәлімет бүгін «Арайстроймаркет» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу барысына айтылды. Партиялықтардың сөзінше, белсенділер қатарындағы қыз-жігіттердің саны артып келеді. Мәселен, Павлодардағы «Қазақстан электролизі» зауыты жұмысшыларының 40 пайызы жастар.  

Жамбылда 337 бастауыш партия ұйымы бар. Солардың көш басында «Арайстроймаркет» серіктестігі тұр. Аталған кәсіпорын балабақша, мектеп, баспана салып, өңірдің әлеуметтік ахуалын оңалтуға үлес қосуда. Бұдан бөлек компания пластикалық есіктер мен терезелер жасайды. Қазірде серіктестіктегі нұротандықтар саны 500 адамға жеткен. 

Шәбден ТІЛЕУМҰРАТ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:    

Партия құрылған кезде бізде бар-жоғы 400 партия мүшесі болатын. Бүгінгі күні біз 70 мыңға жетіп отырмыз. 20 жылда жеткен жетістіктеріміздің негізгі үлесі - біздің ішкі партиялық үлесіміздің нығаюы және ішкі партиялық тәртіптің нығаюы. БПҰ рөлін көтермей біз партиямыз деп айта алмаймыз. Себебі, БПҰ - біздің табан тірейтін жеріміз.

Ал, Павлодардағы «Қазақстан электролизі» зауытының бастауыш партия ұйымы болса, жастармен толыққан. Тіпті, өз алдына «Жас Отан» құрыпты. Белсенді жастар өндіріс ошағы тарапынан үнемі қолдау көрсетіп жүргенін мақтынышпен айтты.     

Дәурен ТӘЙКЕБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЛИЗІ ЗАУЫТЫ» АҚ БПҰ «ЖАС ОТАН» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ: 

Жас маман болған соң зауыт маған үй сыйлады. Үлкен белестерге жеткізді. Жұмысқа келгенде қойма жұмысының жұмысшысы болғам, енді осы қойма жұмысы цехінің учаске басшысы болып жүрмін.

Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіндегі «Парасат» бастауыш партиясы ұйымы да партия қолдауымен біршама жобаларды жүзеге асырыпты. Келешекте қосымша 40 мамандық ашуды көздеп отыр.  

Дамир ШЫНЫБЕКОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ, «ПАРАСАТ» БПҰ ТӨРАҒАСЫ: 

Мақсаттарымыз өте күрделі. Ең алдымен сапалы білім беру. Екіншіден цифровизацияға күш салып, көмектесіп, біздің еліміздің өмірін жақсарту. Жаңа мамандық ашамыз. Сол 40 мамандық тек қана ақпараттық технологияға ғана емес, басқа салалармен бірге, университеттермен бірігу. Себебі, өздеріңіз білесіз цифровизациямен барлық салаларға енгізіледі.

Ақтаулық «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының бастауыш партиялық ұйымы адами капиталды дамытуды жалғастырмақ ниетте. Бірнеше жылдың ішінде кәсіпорын 100-ге жуық жас маманды оқытып, жұмыс берген 

Қуаныш ЕСЕТОВ, «ҚАЗАҚТЕҢІЗКӨЛІКФЛОТЫ» ҰЛТТЫҚ ТЕҢІЗ КЕМЕ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:   

Бірнеше жыл қатарынан қайырымдылық шараларын жүргіземіз. Бірақ, бұл мемлекеттік мерекелерде ғана емес, өтінім түссе, кез келген уақытта жүргізіледі. Партиялық әріптестеріміз бізге жан-жақты қолдау көрсетеді. Қаржылық тұрғыдан болсын, материалдық тұрғыдан болсын.

Ақпанның 27-сі «Нұр Отан» партиясының 18-ші съезі шақырылмақ. Жиын партияның 20 жылдығына арналмақ. Осыған орай әр өңірдегі бастауыш партия ұйымдары атқарған жұмыстарын пысықтап, алдағы жоспарларын бекітуде. Сондай-ақ, Астанаға баратын делегаттарын сайлауда.  

Ә. Мұхитқызы