$494.87 €520.65 ₽4.91
×

2 жасар баланың өліміне күдікті анестезиолог кінәсін жартылай мойындады

AstanaTV
30.01.2019ж. 20:00
3950
2 жасар баланың өліміне күдікті анестезиолог кінәсін жартылай мойындады

Екі жасар баланың өліміне кінәлі деп күдікке іліккен қарағандылық анестезиолог Марина Наумова сотта өз айыбын жартылай мойындады. Сондай-ақ, ол балаға наркоз салғанда қателеспегенінін, дәрілерді Қазақстандағы фармакологиялық әдістемелік- құралдарға сүйеніп еккенін мәлімдеді.  

Марина НАУМОВА, АЙЫПТАЛУШЫ: 

Менде жүрек жоқ, қатыгез деп ойлайсыздар ма? 4 кішкентай немерем бар. Кінәмді сезінемін. Бірақ, барлық дәрілер Қазақстанда рұқсат берілген, олар туралы оқулықтарды тергеушілерге тапсырғам. Аннотациясын да алып келдім. Онда «кей дәріні 3 жасқа дейінгі балаларға салуға болады, тіпті 5 айлық нәрестелерге де жарайды» - деп жазылған.

Еске салсақ, 2 жасар Семен Арзамасцев былтыр ақпан айында Қарағанды қаласындағы «Тини дент» жекеменшік стоматологиялық емханасында тісін емдеткен соң, қайтыс болған. Ресейлік әскерилер отбасының бүлдіршіні туған қаласы Омбыда жерленді. Ал, анестезиолог- дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Алдағы уақытта тәуелсіз сарапшыдан да жауап алынбақ. Алайда, прокурор анестезиолог дәрілерді емхана басшылығын ескертпестен еккен. Әрі оларды өзі сатып алған дейді.

Әсел ШӘКІРОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ҚАЗЫБЕК БИ АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Анестезия кезіндегі асқынуларға қарамастан дәрігер өзіне сенімді түрде өз бетінше медициналық көмек көрсетпек болған. Қасындағы стоматологтың пікірін ескерместен, қылмыстық әрекетке барған. Науқастың ағзасы бір қалыпқа келіп, жағдайы тұрақтанғанша тиісті кардиологиялық жәрдем көрсетпеген.

А. Қуаш