Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тобыл өңірінде «Қылмыстық саясаттағы қазіргі мәселелер» тақырыбы талқыға түсті

AstanaTV
01.02.2019ж. 20:00
2718
Тобыл өңірінде «Қылмыстық саясаттағы қазіргі мәселелер» тақырыбы талқыға түсті

Қылмыстың алдын алу - бүкіл қоғамның міндеті. Қостанайда өткен халықаралық конференцияда қылмыстық құқық жүйесінің мәселелері талқыға түсті. Тобыл төрінде тоғысқан Германия, Ресей,Қырғыз және Қазақстанның белгілі ғалымдары келді, өзі тәжірибелерімен бөлісті. Бас қосу халықаралық пікірталас алаңына айналды. Шетелдік ғалымдар мен отандық профессорлар қазіргі қылмыстық саясаттағы проблемаларды қозғады. Білікті мамандар қылмыспен күресудің заманауи жүйесін, криминологияның мүмкіндіктерін тізбектеді. Түйткілді шешу және инновациялық, құқықтық технологияларды қалыптастыру жолдарын ұсынды. Атап өтейік, іс-шараға «Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңес мұрындық болды.  

Асылбек СМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ: 

Жалпы қылмыстың алдын алу жалғыз заңгерлердің қызметі емес, бүкіл қоғамның қызметі.Сонда бізде қылмыссыз қоғамға, қылмысы аз қоғамға келеміз.Ондай тәжірибелер бар.Сол тәжірибелерді біз зерттеп, өзіміздің заңымызға қолдануға ұсынамыз.

З. Санай